Рыбакинаның Australian Open-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

Фото: © WTA
Фото: © WTA
11.01.2024 09:22
719
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Австралия ашық біріншілігіндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz.
Әлемнің үшінші ракеткасы Рыбакина Australian Open-де де осы нөмірмен өнер көрсетеді. Ал оның қарсыласы - WTA рейтингінде 37-орында тұрған чехиялық Каролина Плишкова болмақ.
Жеңімпаз Кристина Буча (Испания) — Анна Блинкова (Ресей) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Еліміздің тағы бір өкілі Юлия Путинцева іріктеуден өткен теннисшілердің бірімен кездеседі.
Australian Open-2024 14-28 қаңтар аралығында өтеді. Қазір Елена Рыбакина Аделаидадағы WTA 500 турнирінде бақ сынап жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО полицейлері 80-нен астам жүргізушіге көмектесті
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді