Рыбакина Уимблдонның ширек финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
11.07.2023 09:14
923
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты.
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина брейкпен алға шықты - 3:1. Содан кейін өз геймін алды - 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен таласады.
Бөлісу:
