Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
22.09.2024 23:29
538
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды. Отандасымыз арқасынан алған жарақатына байланысты Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінен бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисшінің қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары растады. Олар турнир кестесіне ескерту жариялады. WTA 1000 - China Open турнирі 25 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады.
Былтыр Елена Рыбакина бұл турнирде жартылай финалға дейін жеткен. Енді сол жылы алған ұпайын қорғай алмайды. Тиісінше, 390 ұпайынан айырылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әнші Бүркіт енесіне көлік сыйлады
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды