Жаңалықтар

Рыбакина мен Путинцева АҚШ-тағы Цинциннати турниріне қатысатын болды

Рыбакина мен Путинцева АҚШ-тағы Цинциннати турниріне қатысатын болды
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі 11.08.2024 13:44 300

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 12 тамызда басталатын Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турниріне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.

Қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингіде 42-орындағы қытайлық Юэ Юанның қай жеңгенімен кездеседі. 

Ю.Путинцева алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Е.Рыбакина денсаулығына, Ю.Путинцева жарақатына байланысты Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан болатын. 

Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, одан бері бірнеше апта өткен. Олар емделіп, қалпына келгеннен кейін жарысқа қосылуға дәрігерлерден оң қорытынды мен рұқсатын алған. Теннисшілердің қаншалықты бабында екендігін алдағы ойындар көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға