Рыбакина Australian Open турнирінің 4-айналымына шықты

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
18.01.2025 12:06
518
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұл айналымда украиналық теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Даяна Ястремскаямен кездесті.
Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Рыбакина матч кезінде екі эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді.
Енді ол төртінші айналымда америкалық теннисшілер Мэдисон Киз бен Даниэль Коллинз арасындағы мачтың жеңімпазымен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлытауда жолда қалып қойған жолаушылар құтқарылды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы