Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атағын қайтарды
Фото: © Brisbane International
Фото: © Brisbane International
08.01.2024 11:20
831
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекелей сында польшалық теннисші Ига Швентек көш бастаса, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші орында келеді.
Ал Брисбен WTA 500 турнирінде топ жарған қазақстандық Елена Рыбакина үздік үштікті түйіндеді. Жерлесіміз 6 811 ұпаймен америкалық Кори Гауфты (6 660 ұпай) артқа тастады. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева, керісінше, 63-орыннан 64-ке сырғыды.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Оклендтегі (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінде үздік шықаннан кейін 54-тен бірден 44-орынға көтерілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға