Жаңалықтар

Руслан Серғазин спорт және дене шынықтыру істері комитетінде лауазымды қызметке тағайындалды

Руслан Серғазин спорт және дене шынықтыру істері комитетінде лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 28.04.2025 23:16 130
Еліміздің туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып Руслан Серғазин тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Руслан Амангелдіұлы 1989 жылы 8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2011 жылы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2014 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. 
 
Ол алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында қаржы-экономика бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы ретінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік басқару жүйелерінде және дене шынықтыру мен спорт саласында түрлі қызметтер атқарған. Кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымында бас маман және бөлім меңгерушісі, Ұлан ауданы ауылдық округінің әкімі, Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының әкімшілік және қаржылық бөлімінің басшысы, Мәдениет және спорт министрлігі, кейіннен Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға