Руслан Құрбанов Токио Олимпиадасының чемпионын жеңіп, 1/4 финалға шықты

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
28.07.2024 18:45
1117
Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Руслан Құрбанов Токио Олимпиадасының чемпионын ұтып, турнирдің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық көшбасшы Руслан Құрбанов 1/8 айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Ромен Каннонды 15-10 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз алғашқы кездесуінде марокколық Хуссас Ел Кордтан 15-13 есебімен басым түскен болатын.
Бөлісу:
