Руслан Берденовке қызғаныштан оқ атқан ба? Әкімдік пікір білдірді

Фото: instagram.com/ruslan_berdenov
Фото: instagram.com/ruslan_berdenov
22.04.2025 09:30
363
Шымкент әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қызғаныштан шабуыл жасалды деген нұсқаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір БАҚ пен әлеуметтік желілерде қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуылға қаскөйдің әйелін қудалау себеп болды деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ведомство күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын еске салды.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды, - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Алматы жастары»: 3400 жастың өтініші мақұлданды
Келесі жаңалық
«90+1» кинокартинасы көрерменге жол тартпақ