Руслан Баймишев қызметінен босатылды
Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз
01.09.2022 21:55
1118
ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды EL.KZ.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.
2008-2016 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды.
2016-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының м.а., директоры.
2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
1991 жылғы жігіт вице-министр атанды