Жаңалықтар

Рудныйда төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Рудныйда төтенше жағдай жарияланды
Фото: gov.kz 06.02.2023 15:48 1186

Рудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялады», - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ 6 ақпаннан бастап Рудный қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына Виктор Николаевич Ионенко тағайындалды. Ол қала әкімінің міндетін уақытша атқаратын болады. В. Н. Ионенко инженерден бастап облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, тәжірибесі мол. Сондай-ақ, Денисов, Меңдіқара және Қарасу аудандарының әкімі болған.

Қуандық Хайдарұлы Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға