Рудныйда синтетикалық есірткінің үлкен партиясы тәркіленді
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы азаматтан есірткі затының 12 түйіншегін табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы азаматтан есірткі затының 12 түйіншегін табылды.
Әрі қарай Рудный қаласының саябақ аймағында ұсталған адам жасаған ”жасырын орындар“ табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ас үй шкафынан есірткі заты салынған тағы 70 пакет табылып, тәркіленді, - делінген хабарламада.
Табылған синтетиканың жалпы салмағы 30 гр.
Қазір ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.