Жаңалықтар

Рудныйда ауруханадан шыққан 6 жасар ағайынды балалар қайтыс болды

Ауруханадан шыққан кезде балалардың жағдайы бірқалыпты болған
Рудныйда ауруханадан шыққан 6 жасар ағайынды балалар қайтыс болды
Фото: newsroom.kz 14.10.2022 17:27 1987

Рудныйда 2016 жылы туған ағайынды екі баланың қайтыс болу фактісін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Балалар Рудный ауруханасына жедел жәрдем желісі бойынша 12 қазан сағат 8 шамасында түскен. Ауруханаға түскенде әлсіреп, денесі босаңсып, ұйқышылдық мазалайтынын айтып шағымданған. Бөлімшеге орналастырылған. Инфузиялық терапия жүргізілген. Жағдайы жақсарып, анасының талабы бойынша ауруханадан шыққан», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Анасы үлкен баласы үйде қараусыз қалуына байланысты балаларын ауруханадан шығарып алуға мәжбүр болған.

«Клиникалық және зертханалық талдама нәтижесі ешқандай ауытқуды көрсетпеді. Ауруханадан шыққан кезде балалардың жағдайы бірқалыпты болған, ойнап жүрген. 13 қазан таңертең үйіне кеткен. Сол күні, ауруханадан шығарылғаннан кейін арада 12 сағат өткенде қайтыс болған. Анасы үйіне келгенде балаларының денесін тауып алған. Шақыру орнына сағат 21.20-да жеткен жедел жәрдем бригадасы екі баланың да мерт болғанын тіркеді. Өлімнің себебі анықталып жатыр», - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға