Рудныйда 24 көпқабатты үй жылусыз қалды
Апатқа жылу трассасының жарылуы себеп болған
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz
26.01.2023 23:10
1055
Қостанай облысы Рудный қаласында жылу трассасы жарылып, 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, шаһардағы Горняков көшесінде диаметрі 530 мм жылу трассасы істен шыққан. Салдарынан 24 көп қабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлғаға тиесілі ғимараттардан жылу сөндірілді.
Құбырда апат болған жер анықталды. Олқылықтарды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміз Саха Республикасымен әуе қатынасын дамытады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде «Мектеп орманшылығы» жобасы қолға алынды