Лента новостей

Қарағанды облысының жеңімпаздары

Қарағанды облысының жеңімпаздары
05.07.2019 17:50 3111

Қарағанды облысы: Хамитовтер әулеті

Отағасы – Қайрат Хамитов

1973 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасынан шыққан. Қайрат Амангелдіұлы алғаш еңбек жолын құрылыс саласында қызмет етуден бастапты. Кейін Қарағанды политехникалық институтына «Инженер-автомобилист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Отанасы – Айнагүл Хамитова

1975 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Алты балалы отбасында тәрбиеленіп өскен.  Айнагүл Хамитова 1998 жылы Қарағанды техникалық университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі кезде жолдасы Қайрат Амангелдіұлымен   бірге отбасылық кәсіппен айналысып жүр.  Хамитовтер әулеті жеті бала өсіріп отыр.

Ұлы – Ерлан Қайратұлы

1994 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, 2012 жылы  «Business Administration» мамандығы бойынша Канаданың Ванкувер қаласына оқуға түсіп,  оны 2017 жылы тәмамдап, елге оралған. Қазіргі сәтте жастарға арналған халықаралық туризм саласында бизнеспен айналысады. Хоккей ойнағанды және тауға шыққанды ұнатады. “Sweatberrytour” блогын жүргізеді. Үйленген.

Қызы – Айдана Қайратқызы

 1997 жылы дүниеге келген. 2012 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы  Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы колледжін тәмамдап, кейін сол өнер ордасының «Қобыз сыныбы» бойынша оқуын жалғастырған. Осы уақытқа дейін Құрманғазы, Ахмет Жұбанов,  «Шабыт» конкурстарының лауреаты және әртүрлі өнер байқауларының жеңімпазы атанып жүр. Сонымен қоса, Еуропаның сахналарында өнер көрсетіп жүр.  

Қызы – Айзада Қайратқызы

2006 жылы дүниеге келген. Жапон мен корей халықтарының мәдениетіне  қызығушылық танытады.  Ағылшын және корей тілдерін үйреніп жүр.  Үй шаруашылығында КонМари әдісін ұстанады. 

Қызы – Әмина Қайратқызы

2008 жылы дүниеге келген.  Сегіз жасынан бастап фортепиано музыкалық аспабын үйреніп жүр. Бос уақытында кітап оқығанды жақсы көреді.  2019 жылы сұлулық конкурсына қатысып, «Мисс Улыбка» орынын иеленді. «Күншуақ» музыкалық конкурсынан II орын алды.

Қызы – Елдана Қайратқызы

2009 жылы дүниеге келген. Тайм-менеджментке және жоспарлауға қызығады. Лайфхакер. Гитара мен қобыз аспаптарында ойнауды үйреніп жүр. 

Қызы – Ясмина Қайратқызы

2014  жылы дүниеге келген. «Дарынды Бала» балабақшасына барады.  

Ұлы Еламан Қайратұлы

 2015 жылы дүниеге келген. «Дарынды Бала» балабақшасына барады.  

Қарағанды облысы: Салхауовтар әулеті

 

Отағасы  –  Тағанбай Байділдәұлы

1937 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген.  Еңбек жолын соғыстан кейін жасөспірім шағында Қарсақпай мыс зауытында бастады. Одан кейін Жезқазған мыс балқыту зауытында металлург болып жұмысын жалғастырды. КСРО еңбек сіңірген металлург, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, тыл еңбеккері.

 Отанасы – Нұрила Нұрмағамбетқызы

1939 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын Қарсақпай мыс зауытында бастады. Кейіннен Жезқазған мыс балқыту зауытында жалғастырды. «Құрмет белгісі», «Батыр ана» ордендерімен марапатталған.  Бүгінде жолдасы Тағанбай Байділдәұлымен он бала өсіріп, одан 29 немере және 4 шөбере сүйіп отырған өнегелі отбасы.  

Ұлы – Мұханбетхан Тағанбайұлы

1960 жылы дүниеге келген. Мұханбетхан Тағанбайұлы еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен  бастап, мектеп директорлығы қызметіне дейін абыроймен атқарған. 

Қызы Анар Тағанбайқызы

1962 жылы дүниеге туған. Қазір «Қазақтелеком» АҚ-да электромонтер болып жұмыс істейді. Тұрмыста. Бүгінде жолдасы Мәди Әлжаппаровпен  үш бала тәрбиелеп, олардан немере сүйіп отыр. 

Ұлы – Ахметхан Тағанбайұлы 

1964 жылы дүниеге келген. Ахметхан Тағанбайұлы құрылыс техникумын бітірген. Қазір ағаш шебері (плотник) болып қызмет ететін ол  2003 жылы  Нөгербекова Айжан Біркенқызымен шаңырақ көтерген. Олар Нұрсұлтан және Тимур есімді қос ұлды тәрбиелеп отыр.

 Ұлы – Төлеген Тағанбайұлы

1967 жылы дүние келген. Еңбек жолын Жезқазған мыс балқыту зауытынан бастаған Төлеген - «Еңбек даңқы» белгісінің қос дәрежесі иегері атанған. Үйленген. Бүгінде келіншегімен  үш бала тәрбиелеп отыр. 

Қызы – Жанар Тағанбайқызы

1969 жылы дүниеге келген. Медицина училищесін бітірді. 

Қызы – Жанат   Тағанбайқызы

1973 жылы дүниеге келген. Аспаз мамандығын тәмамдаған. 1998 жылы   тұрмысқа шығып, қазір жолдасымен Қарағанды қаласында тұрып жатыр.  Үлкен баласы  Тимур қазір Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқып  жатыр. Ал одан кейінгі баласы Дарина 9 сыныпты аяқтады.

Ұлы – Ахат Тағанбайұлы

1975 жылы дүниеге келген. Қазіргі кезде келіншегімен  үш бала тәрбиелеп отыр. Балаларының үлкені Аружан Қарағанды экономикалық университетінің 2-курсын бітірді. Ал одан кейінгі баласы Алихан 10 сыныпты аяқтаған. Ал 2011 жылы туған үйдің кенжесі Алуа 3 сыныпты тәмамдаған.

Ұлы – Қанат Тағанбайұлы 

1977 жылы дүниеге келген. Түркияның Кония қаласында орналасқан «Мерам»  (Meram) экономикалық лицейінің «Есепші» мамандығы бойынша 1996 жылы тәмамдаған. Кейін  «Сельджук» университетіне түсіп, мұнда  «Экономикалық менеджмент» мамандығы бойынша білім алады. Қазір «Эфес Қазақстан» сыра нарығында қызмет етіп жатыр. Үйленген. Келіншегімен  11 жасар  Жібек атты сұлу қыз бен 6 жасар Санжар есімді батыр жігітті тәрбиелеп отыр.

Ұлы – Қайрат Тағанбайұлы

1979 жылы дүниеге келген.  1997 жылы мектепті бітіріп, Жезқазған аграрлық техникалық колледжін, кейіннен Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2018 жылы  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітіріп шықты.  Үйленген. Келіншегі Жанар Рахымжанқызымен  бес баланы өсіріп отыр.

Қызы – Айзада Тағанбайқызы

1984 жылы дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2013 жылы жолдасы Әміров Мұса Нұркенұлымен шаңырақ көтерген. Бүгінде бес және бір жасар Мадияр, Сардар есімді қос батырды тәрбиелеп отыр.

Поделитесь:
Telegram
Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!