Павлодар облысының жеңімпазы

6 Июня 2019, 14:49 3385

Павлодар облысы:Төлеубаевтар отбасы

Отағасы - Төлеубаев Серік Айтқұлұлы 

1994 жылдан бері «Богатырь Көмір» ЖШС-да жол жөндеуші болып еңбек етіп келеді. Өз ортасында абыройлы. Жиырма бес жылғы ерен еңбегі еленіп, компания атынан 3 дәрежелі еңбек даңқы орденімен марапатталған. Домбыра, гитара сияқты аспаптарды меңгерген.

Отанасы - Төлеубаева Нұрсұлу Еркебайқызы

Жоғары білімді. Жиырма жылдан бері Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Атамұра» мәдениет орталығында жұмыс жасап келеді. Екібастұз қаласы әкімінің жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының белсенді мүшесі. Қала әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, Екібастұздағы іскер әйелдер ассоциациясының  мүшесі болып табылады. 2017 жылы  Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 9 маусымдағы өкіміне сәйкес «Екібастұз қаласына 60 жыл» мерейтой медалімен, мемлекеттік тілді дәріптеп, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы шекаралас мемлекеттермен шығармашылық ынтамақтастық орнатып, қазақ мәдениеттінің дамуына қосқан үлесі үшін  Омбы облысы мәдениет министрінің алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы қалалық  еңбек тақтасына қосу туралы Екібастұз қаласы әкімінің «Еңбек адамы» сертификатына ие болды. 2018 жылы «Екібастұз қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін иеленді. 2019 жылы  мәдениет саласындағы көп жылғы абыройлы еңбегі мен саланы дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін мәдениет және спорт министірінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұлы - Төлеубаев Дархан Серікұлы

"Богатыр Көмір" ЖШС-да еңбек етіп келеді. Екібастұз қаласында өткен бірнеше вокалды сайыстардың жүлдегері. Облыстық  «Отбасым ошағым» конкурсында 1 орын, қалалық «Алтын дауыс» вокалдық конкурсында «Көремен көзайымы» номинациясына ие болды.  «Голос Экибастуза» вокалдық конкурсында 2-орын, «Екі жұлдыз» вокалдық конкурсында 1-орын, «Зажги свою звезду» байқауында бас  жүлде. «Богатырь Көмір» компаниясының КТК командасының белсенді мүшесі.

Қызы - Төлеубаева Қымбат Серікқызы

Жоғары білімді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін ақпараттық технология және филология мамандықтары бойынша тәмамдаған. 

Ұлы - Төлеубаев Дәурен Серікұлы

Павлодар қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжін, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияны аяқтаған. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблінің концертмейстрі. Бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері. «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2012 жылдан бастап, Қазақ елінің атынан Австрия (Вена қаласы, ХІХ Халықаралық конкурсы), Қытай (Пекин қаласы, ҚР Мәдениет күндері), Корея (Иосу қаласы, ЭКСПО-2012), Беларусь (Минск қаласы, Халықаралық Дипломаттық қарым-қатынас), Ресей (Омск қаласының 300 жылдық мерейтойы, Санкт-Петербург қаласы «Труба Мира», Мәскеу қаласы Отан Қорғаушылар мерекесіне орай салтанатты концерт), Ливан (Бейрут қаласы, Халықаралық Дипломаттық қарым-қатынас) мемлекеттерінде өз өнерін паш етті.

Толеубаевтар шығармашыл отбасы. Отбасының барлық мүшелері мәдениет пен өнерге жақын жандар. Бос уақыттарында ән айтумен, қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Әрқайсысының өнерде қол жеткізген облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жетістіктері бар. Немерелері де хореографиялық би үйірмесіне, вокал үйірмесіне барады.  Отанасы Нұрсұлу Еркебайқызы  қазақ халқының ұмытылып бара жатқан тағамдарын жасайды. Отбасылық мерекелерде бүрме қарын, ұлтабардағы үйрек сынды тағамдар дәстүрлі түрде дайындалады.

Поделитесь: