Күн сайын ерлік: Ақ халат киген батырлар

31 Октября 2022, 00:03 1915

Бүгінгі күні Қазақстандағы медицина саласында маман тапшылығы бар. Белгілі бір салаларда тіпті, мамандар жоқтың қасы деуге болады, сол себепті қазақстандықтарды емдеуде бүкіл күш жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге түсіп отыр. Бұл материалда автор ауыртпалықты қайыспай көтеріп жүрген жандар туралы айтады.

Астанадағы №3 қалалық емхананың дәрігерлері барлық медицина мекемесінің қызметкерлері сынды күндерін адам денсаулығына қамқор болудан бастайды. Дәрігерлер өздерінің жұмыс істеу тәсілдерін баяғыда қалыптастырып үлгерген, олар әр пациентті махаббатпен және аса үлкен ыждаһаттылықпен емдейді. Көп жағдайда бұл тәсіл медицина қызметкерін өзге әлеуметтік мамандықтардан ерекшелеп тұрады. 

Жібек Қостанова – психолог, жұмыс өтілі – 30 жыл. Бос уақытын отбасымен өткізеді. Күн сайын Жібек Сәдуақасқызы пациенттерінен көптеген жылы лебіз бен алғыс естиді.

«Өте білікті психолог Жібек Сәдуақасқызына маған көмектескені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Менің психологқа баруыма себеп: өмірде бір нәрсені дұрыс істемей жүрмін деген ой мазалап, сол үшін маманға бардым. Бұл ой мені бірнеше жылдар бойы мазалаған еді. Барлық әдістерді қолданып көрдім – ата-анаммен, достарыммен қарым-қатынас жасап, араласу, басқа да әдістерден жақсы нәтиже шығара алмадым. Психологқа бару мен оның түзету сабақтарының арқасында ғана мен не нәрсені түзетіп, жұмыс істеуім қажеттігін түсіндім. Көмегіңіз бен берген біліміңізге рахмет!» - деп алғысын білдірді дәрігердің пациенті Саяжан ДОСЫМҚЫЗЫ.

Медет Абуев – 10 жылдық жұмыс өтілі бар дәрігер-терапевт. Бос уақытында музыкамен айналысқанды ұнатады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында пациенттің анасы Зүлфия Петрова Медет Мәслихатұлына жүрекжарды ақжарма лебізін білдірген.

«Мен Астана қаласында тұрамын, бес баланың анасымын, лесозавод ауданында орналасқан №3 емхананың бөлім меңгерушісіне үлкен алғыс айтқым келеді. Медет Мәслихатұлы өте мейірбан әрі түсінігі мол адам. Жастығына қарамастан үлкен ұжымды басқарып отыр. Мен оған бірнеше мәрте көмек сұрап, жүгіндім, үнемі мені түсініп, қолдау білдірді. Балам мүгедек болғандықтан емханаларға жиі баруға тура келеді, бірақ ауруханаларда үнемі көмектесіп, сенің мұңыңды тыңдай бермейді. Ақ халат киген жандарға мейірімді әрі қайырымды болсаңыздар екен деген тілегім бар, өйткені баламыз ауырған кезде бізге – аналарға өте қиын, сондықтан бір ауыз жылы сөздің өзі жаныңды емдеп, көмектеседі. Адам ауырып тұрған кезде оған қолдау мен оның жанын түсіну өте маңызды, оның әрі қарай сауығып кетуі де соған байланысты! ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен егер мүмкіндік болса, Наурыз мерекесінің құрметіне Әбуев Медет Мәслихатұлын алғыс хатпен марапаттауларыңызды сұраймын! Ондай дәрігерлер өте аз. Медет Мәслихатұлы, сізге ұзақ өмір, мықты денсаулық, жұмысыңызда жеміс және барлық жақсылықты тілеймін. Аналық ақ жүрегіммен иіліп құрмет білдіріп, алғыс айтамын. Құрметпен, З.Б. Петрова».

Мереке Аметова, дәрігер-терапевт. Жұмыс өтілі – 4 жыл. Жас дәрігер музыканы, спорттың экстремалды түрін, футболды ұнатады, өзінің жеке блогын жүргізеді. 

«3 емхананы мейірімді қызметкерлері, пациенттерге ықыласты қарым-қатынастары, жеке тәсілдері мен түсініктері үшін мақтау айтқым келеді. Мақтап қана қоймай, дәрігер-терапевт Мереке Маратқызына кәсібилігі, бүкіл жағдайда егжей-тегжейіне дейін түсінетін көңілі, ерекше ықыласы мен қарым-қатынасы үшін алғыс айтсам деймін. Жылы сөзімен де жаныңды емдейтін нағыз дәрігер! Менің емдеуші дәрігерім Мереке Маратқызы болғаны үшін өте қуаныштымын. Оның тәсілі мен кәсіби әдісінің арқасында маған ем қонды. Шын жүректен Мереке Маратқызы мен 3 емхананың қызметкерлеріне рахмет айтамын. Дендеріңіз сау болсын!» - деп алғысын білдірді әлеуметтік желідегі танымал пабликке жазба қалдырған Виктория Лим. 

Әсия Қожахметова, дәрігер-эндокринолог. Жалпы жұмыс өтілі – 20 жыл. Бимен, музыкамен және кітап оқумен әуестенеді. 

«Нағыз кәсіпқойлар мен тәртіпті, мейірімді жандардың еңбегін бағалап айтқан дұрыс. Осы лебізді менің проблемама бей-жай қарамай, кедергілерге қарамастан маған көмекке келген дәрігер-эндокринолог Әсия Жақанқызына алғысымды білдіру үшін арнайы жазып отырмын. Сізге достық қарым-қатынасыңыз, жоғары кәсібилігіңіз, дәрігерлік және психологиялық көмегіңіз үшін алғысым шексіз. Сізге әр келген сайын  физикалық және психологиялық жағдайым  тұрақтанып, жақсара бастады, нәтижесінде әбден жазылып шықтым. Сіздің қамқорлығыңыздың арқасында өзімді керемет сезіндім. Қазіргідей күрделі заманда жақсы дәрігерді табу қиын, менің бұл тұрғыда жолым болды деп ойлаймын!!! Әсия Жақанқызы – өз ісінің мықты маманы! Мен ауруханаға денсаулығымды түзету үшін келіп, өте кәсіби дәрігерді кездестірдім. Сіз мықты дәрігер ғана емес, өте ұнамды, әдемі, зиялы, өз ісінің білгірі, сондай-ақ пациенттеріне қамқор жансыз. Аса құрметпен, Гүлнәр Қайырбекова», - деп жазған дәрігер Әсия Қожахметоваға лебізін пациент Гүлнәр Қайырбекова. 

Айсұлу Қапасова – дәрігер-гастроэнтеролог. Жалпы жұмыс өтілі – 9 жыл. Саяхаттағанды ұнатады.  

«Гастроэнтеролог дәрігер Қапасова Айсұлу Тілеуғазықызына дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Оның көмегінің арқасында ұлымның бауырынан эхинококк кистасы анықталып, көп ұзамай ҰҒМО-да алынып тасталды. Әрі қарай отадан кейін Айсұлу Тілеуғазықызының бақылауындамыз. Ол өз ісінің маманы, пациенттеріне бей-жай қарамайтын дәрігер, араласқан жанға жылулық сыйлайтын адам екенін атап өткен дұрыс. Баршаңызға маман ретінде Айсұлу Қапасоваға қаралуға кеңес берер едім. Құрметпен, Игольник Марина Михайловна» - деп жазған танымал интернет-порталға Марина Игольник. 

Гүлмира Әріпжанова – дәрігер-онколог. Жалпы жұмыс өтілі – 10 жыл. Суда жүзумен, бимен айналысады, фантастикалық әдебиеттерді оқығанды ұнатады. 

«Баламды дүниеге әкелген соң екі апта өткенде кеудем ауырсына бастады, қалтырап, тоңып, ұйқтап қалдым және оянсам, дене қызуым көтеріліп, кеудем тастай болып қатып, ауырып жатқанынан ояндым. Сол уақытта біздің доктор маған кеш болып кеткеніне қарамастан, сағат 23:00-де көмекке келіп, қарап, тексеріп, массаж жасап, дәрі беріп, физиоем жасау қажеттігін айтты. КЕ бойынша консультант Ботамен бірге кеудемнің тармақтарын ашып, бір-екі күннің ішінде емдеп шығарды. Бас әріппен атауға лайық дәрігер!» - деп дәрігер Гүлмира Әріпжанова жас ана Ақниет Құттыбай жүрекжарды тілегін қалдырыпты. 

Ольга Середа – акушер-гинеколог. Жалпы жұмыс өтілі – 9 жыл. Барлық бос уақытын отбасына арнайды.

«Дәрігер Ольга Владимировнаға пациенттерге деген қамқорлығы және көңілі үшін үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Сізге рахмет! Алтын адамсыз және дәрігер болуға жаратылған жансыз! №3 қалалық емхананың ұжымына кәсібилігі, бізге - пациенттерге деген жауапкершілігі, назары мен ыстық ықыласы үшін мың алғыс!», - деп жазған риза болған пациенттер. 

 

 

Аскар Дауренов
Поделитесь: