Ерлан Бақтыгерей

30 Ноября 2017, 11:02 2440

Ш. Қажығалиев атындағы І Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты, Астана қаласындағы Академиялық филармонияның симфониялық оркестрінің бас дирижері жəне көркемдік жетекшісі. 2001 жылы Ш. Қажығалиев атындағы І Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты атанды. Бұл Ерланның кəсіби дирижер болып қалыптасуына зор ықпал етті. Конкурстан кейін Қазақстан, Ресей, Татарстанның халық əртісі, Татарстан симфониялық оркестрінің бас дирижері жəне көркемдік жетекшісі, Ресей Үлкен театрының дирижері, профессор, академик Фуат Мансуровтан шақырту қағаз алды. Гастрольдерде жүріп, мəдени алаңдарда əлемдік жұлдыздармен бірге өнер көрсетті. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің «Алтын тау» жəне Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операларын сахналады. Халықаралық ұйымдастырушылармен бірге түркі əлеміндегі композиторларға арналған «Түрксой» концертін ұйымдастырды. «Талантты адам бар жағынан да талантты» деген қағиданы өмірлік ұстанымы етіп келеді.
 

Поделитесь: