Батыс Қазақстан облысының жеңімпаздары

15 Июля 2019, 10:51 4578

Батыс Қазақстан облысы: Жұмағалиевтер әулеті

Отағасы – Сәбит Жұмағалиев

1953 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе совхозы Қуағаш елдімекенінде дүниеге келген. 1988 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының Қазақ тілі мен әдебиет факультетіне оқуға түсіп, оны 1994 жылы аяқтайды. Содан бері Сәбит Әділұлы  Теректі ауданындағы Ақжайық орта мектебінде 30 жылдай  мұғалімдік қызметті атқарған.

Отанасы –  Ғазиза Рахметова

1955 жылы 16 мамырда Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жекенді ауылында дүниеге келген. 1977 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының Қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдаған. 1982 жылдан бастап 2013 жылға дейін  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық орта мектебінде табан аудармастан ұстаздық қызметті атқарған.

Қызы – Гүлбақыт Сәбитқызы

1980 жылы 2 тамызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген.  1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің мұнай-газ факультетіне «Инженер-технолог» мамандығына оқу түскен. Қазіргі таңда құрылыс материалдарын сатумен айналысып, заман талабына сай жеке кәсіпкер ретінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Бүгінде жұбайы Марат Досжанов екеуі Шымкент шаһарында бес бала тәрбиелеп отыр.

Қызы – Ақторғын Сәбитқызы

1982 жылы бұрынғы Ақжайық ауданында (қазіргі Еңбек ауылында) дүниеге келген.  1999 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығына оқуға түседі.  Оқу орнын аяқтаған соң жас маман ретінде Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінде оқытушы болып қызметке тұрады.  Қазіргі кезде сүйген жары Жомарт Ерназаровпен Орал қаласында төрт баланы өсіріп отыр.

Ұлы – Рауан Сәбитұлы

1985 жылы 8 тамызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақжайық ауылында дүниеге келген. 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетін тәмамдады. Бүгінде Журналистер Одағының мүшесі, әлеуметтанушы әрі журналист Рауан Сәбитұлы келіншегі Гүлсезім Рахымберді екеуі қос қыз сүйіп отыр. 

Ұлы – Бекзат Сәбитұлы

1989 жылы 18 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Шымкент қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне «Заңтану» мамандығы бойынша оқуға түседі.  Қазіргі кезде мәдениет саласында қызмет ететін Бекзат Сәбитұлы жұбайы Асылзат Сәбитовамен үш баланы бағып-қағып отыр.

 

Батыс Қазақстан облысы: Қарсақовтар әулеті

Отағасы – Медет Қарсақов

1982 жылы 22 тамызда  Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы  Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Бала кезінен спортқа жақын Медет Бақытжанұлы 2004 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы Орал  педагогикалық колледжінің  «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын бітірсе, 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі кезде  Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

Отанасы – Гүлайым  Утегенова

1981 жылы 7 наурызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы Орал  педагогикалық колледжін, 2004 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. 

Қызы – Назым Медетқызы

2002 жылы 20 қазанда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген. Өз жанынан өлең шығаратын өнері бар. Үйдің үлкені сабақпен қоса, шығармашылық байқауларға қатысып, бақ та сынаған. 2015 жылы аудандық «Жас ақындар» байқауында I орын, 2017 жылы облыстық «Мәнерлеп оқу» байқауында II орынға ие болған.

Ұлы – Сұлтан Медетұлы

2004 жылы 18 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданында дүниеге келген. Сұлтан биыл 9-сыныпты «Ерекше» аттестатқа тәмамдаған. Оған қоса аудандық саз мектебін баян аспабы бойынша үздік бағамен аяқтады. Халықаралық, республикалық «Жадыра, жас дарын», «Ақ көгершін», «Қазақстан таланттары» сынды  байқауларға қатысып, бас жүлделерге ие болып жүр.

Қызы – Ақнұр Медетқызы

2010 жылы 9 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданында дүниеге келген. Биыл төртінші сыныпты тәмамдаған оқу озаты халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің белді мүшесі.

Ұлы – Нұрдәулет Медетұлы

2011 жылы 29 қазанда дүниеге келген. Үшінші сыныпқа ауысқан Нұрдәулет  мектепте оқу озаты әрі қосымша бокс үйірмесіне қатысады. Биыл алғаш рет облыстық бокстан жекелей есеп бойынша I орынға ие болды. 

Қызы – Еркеназ Медетқызы

Былтыр тамыз айында дүниеге келді.

 

Поделитесь: