Жаңалықтар

Өрттен қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді

Қызметкердің қазіргі жағдайы қалыпты, бірақ әлі де ауыр.
Өрттен қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді
Фото: дереккөз 14.09.2022 00:06 1651

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезінде жасаған ерлігі үшін қайтыс болған азаматтардың жақындарына марапаттар тапсырылды, деп хабарлайды EL.KZ.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, марқұм Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен; 

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен; 

Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков және Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. Сонымен қатар, бағалы сыйлықтар мен 3 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Азаматтық қорғау сержанты Айдос Тоғызбаев азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдың сәуір айынан бері қызмет атқарған.  

 Сондай-ақ вице-министр Марат Күлдіков және Абай облысының ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жатқан Амангелді Тұрлыбековтың жағдайын біліп, ІІІ-дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. Қызметкердің қазіргі жағдайы қалыпты, бірақ әлі де ауыр.

Сапар барысында Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасында барып, әр түрлі дәрежедегі күйік  алған 22-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрлан Сәлімжанның жағдайын біліп қайтты. Құтқарушыға мемлекеттік награда «Ерлігі үшін» медалі табысталды.

Сонымен қатар, Бақыршық әскери-құтқару бөлімшесінің маманы Қуат Байғазиновке облыс әкімінің алғыс хаты жолданды. Жарма ауданында болған дала өрті кезінде Қуат Байғазинов өрт сөндіруші Айдос Тоқызбаевқа жедел жәрдем мамандары келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға