Қазақ эстрадасының аңызы Роза Рымбаева мен отандық әнші Нұрлан Абдуллин АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның халық әртісі азаматтық ұстанымын білдіріп, тарихи сәттің ел болашағы үшін маңызы жоғары екенін алға тартты.
Бүгін халқымыздың өмірінде тарихи сәт. Біз АЭС құрылысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз. Біз өз азаматтық ұстанымымызды білдіреміз. Сондықтан елдің болашағы үшін белсенділік танытуымыз қажет. Үкіметтің шешімі біздің белсенділігімізге байланысты болады, - деді Роза Рымбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты