Жаңалықтар

Роза Әшірбаева қыздарға өзінен кіші жігіттерге тұрмысқа шығуға кеңес берді

Роза Әшірбаева қыздарға өзінен кіші жігіттерге тұрмысқа шығуға кеңес берді
Фото: instagram.com/roza.coach 11.02.2025 18:40 163

Танымал коуч Роза Әшірбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Коучтан оқырмандарының бірі өзінен жас жігіттерге тұрмысқа шығу туралы ойын сұраған. Әшірбаева мұның еш сөкеттігі жоқтығын, қайта солай дұрыс екендігін айтқан.

Желі жұлдызы «Өзіңнен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шығуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді. 

Рұқсатымды беремін. Жас жігіттер жақсы. Оларда демократиялық көзқарас қалыптасқан. Ойлары таза, милары шірімеген. Біздің замандастарымыз 40-қа келді. «Қатын деген бүйту керек» деп отыратын еркектер. Ал жас жігіттер ондай емес. Бес жас кіші жігітпен қарым-қатынас құра бер. Онда тұрған ештеңесі жоқ. Керісінше, саған мотивация болады. Өзің жас көрінуге, оның қасында әдемі болып жүруге ұмтыласың. Ең бастысы, абьюзер, тиран, сексист болмасын. Жасыңа байланысты өзіңді ыңғайсыз сезінудің қажеті жоқ. Өзіңе сенімді болсаң, алға қарай баса бер, – деді Роза коуч.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Роза Аширбаева (@roza.coach)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға