Роза Әлқожа немересін кіші қырқынан шығарды
Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа немересін кіші қырқынан шығару рәсімі қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі немересінің шашын Төлеген Айбергеновтің қызы, педагог Салтанат Айбергеноваға алғызған. Әлқожаның сөзінше, салтанатты іс-шараны өткіземін деп өзі де сыйлықтың астында қалған.
Өмір осынысымен қызық шығар?! Салтанат Айбергенова апам құттықтап шығам деген соң Әселді әңгімелесіп отырайық деп шақырып, екі адамға лайықтап ет салып отырғанбыз. Сөйтсек, ар жағында Малика деген жеңешемнің тосын сыйы бар екен. Аяқ астынан кіріп келіп, қойын, майын, көйлек-шапанын көтеріп келетін бұл біздің елдің дархандығы болар?!
Мақтау бір жаратқанға ғана жарасса, көңіл жарастығының көрінісін жасыру мүмкін емес, сірә?!
Ұдайы қуантқысы келіп, құрметтеп жүрген жандарға бір Алла разы болсын! Бұл да бір Жаппар иемнің жарлығы, жарылқауы! Әйтпесе осы елде кім ән салмай жатыр, кім сыйласпай жатыр?!
Қызығына барғаныңды мерей көріп, мәртебеңді көтеріп жүретін осындай жомарт қолды жандар ғой! – деп алғысын айтты әнші.
Роза Әлқожа өзіне әже болған ұнайтынын да айтты.
Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің бұл күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын! – деп қосты ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram