Роналду рекорд орнатты

Фото: instagram.com/cristiano
Фото: instagram.com/cristiano
01.08.2023 09:28
1496
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду ресми ойындарда баспен соққан голдар саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Әл-Наср» араб чемпиондарының клубтық кубогының топтық кезеңінде Тунистің «Монастирімен» кездесті (4:1). Роналду бұл ойында баспен өзінің 145-голын соқты. Осылайша ол Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Герд Мюллердің көрсеткішін жаңартты – 144. Үшінші орында испаниялық Карлос Сантильяна тұр (125).
Биылғы қаңтарда Роналду «Әл-Наср» ойыншысы атанды. Келісімшарты бойынша ол жылына 200 млн еуро табыс табады.
Бөлісу:
