Роналду Мессидің жетістігін қайталады

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду төртінші матч қатарынан гол соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Әл-Наср» клубының 38 жастағы футболшысы Ирактың «Әл-Шорта» клубымен ойында мергендік танытты. Араб чемпиондарының кубогында Роналду 75-минутта пенальтиден гол соқты. Бұл матчта соғылған жалғыз гол болса да, Сауд Арабиясының командасын келесі кезеңге шығаруға жеткілікті болды.
Осылайша «Әл-Наср» финалға шықса, Роналду қатарынан төртінші матчта гол соқты. Бұған дейін ол «Радж», «Замалек» мен «Монастирдің» қақпаларынан саңылау тапқан болатын.
Жеңістен соң Криштиану әлеуметтік желіде жазба қалдырды:
Финалға өттік! Команданың керемет жұмысы! Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ерекше алғыс білдіремін! – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
