Жаңалықтар

Роман Скляр утилалымға қатысты мәселеге нүкте қойды

Роман Скляр утилалымға қатысты мәселеге нүкте қойды
Фото: © El.kz 05.06.2024 15:38 964

Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилалымды алып тастауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен бұл туралы бірнеше рет айттым. Қайта өңдеуге салынатын салық – бұл жанама салық. Қаржы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бақылауындағы “Жасыл даму” акционерлік қоғамы арқылы жұмсалады. Экономикалық қажеттіліктерге жұмсап жатқан бұл кірістерден айырылсақ, онда оны бюджеттен өтеуге тура келеді. Бұл - салық. Ешкім салық төлеуді ұнатпайды. Бірақ бұл қажет, - дейді Скляр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл ақшаны қайта өңдеу ақысы және оны ұрлауға болмайды деп есептейді. Ол бұдан кейбiр олигархиялық топтар пайда тауып жатыр деген пікір дұрыс емес екенін айтты.

Скляр 5 млн азаматтың пікірі 20 миллион қазақстандықтың пікірін білдірмейтінін атап өтті.

Қазақстанда автокөлік пайдаланбайтын 15 миллион адам бар. 5 млн автомобиль тіркелген. 15 млн адамнан қалай ма, қаламай ма – пікірін сұрап ешкім жоқ. Әңгіме басқада – бізде қалыпты экология бола ма, жоқ па?! Біздің өнеркәсібіміз дами ма?! Біздің құрастыру зауыттарымызды арзандатуға болмайды. Олар дамып келеді. Онда адамдар жұмыс істеп, жалақы алып, салық төлейді. Мұны ескеру керек, - деп айтты Роман Скляр Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, петиция қарауға келіп түсті және ол жан-жақты қаралады. Бірақ Роман Скляр кәдеге жарату алымын жою жөніндегі комиссияның мүшесі емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға