Жаңалықтар

Роман Скляр елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы елорданың атауын қайта өзгертуді ұсынған болатын
Роман Скляр елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді
Фото: gov.kz 03.09.2022 12:52 1141

Елорданың атауы «Астанаға» өзгерілуі мүмкіндігіне қатысты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Негізінде бұл мәселенің талқыланып жатқанына біраз уақыт болды. Кеше ғана депуттардың «Жаңа Қазақстан» тобы осы мәселені қайта қарастыру керек деген шешім қабылдады. Себебі, бұл мәселе қоғамда өзекті деп ойлаймын. Сондықтан, қазіргі таңда әлі ешқандай шешім қабылданбады. Біз қоғамның ойын білгіміз келеді», - деді Роман Скляр.

Журналистердің елорда атауының өзгеруіне қатысты пікірін сұраған кезде былай жауап берді.

«Дәл қазір ешнәрсе айта алмаймын. Дегенмен менің Қазақстан азаматы ретінде өз пікірім бар. Бұл шешім кеше ғана қабылданды. Сондықтан мәселенің артын байыппен күтейік», - деді Роман Скляр.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйек күні «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы елорданың атауын «Астана» деп өзгертуді қайта қарастыру керек деген шешім қабылдаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға