Рөлде оқушы болған: 4 жасар бала көлік астына түсіп қайтыс болды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
24.04.2023 20:20
1002
Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Жетісу облысындағы Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төрт жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астында қалып, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды. Ал бұл көлікті 15 жастағы оқушы басқарған.
Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды, - делінген полиция таратқан мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті