Ролан Гаррос турнирі: Юлия Путинцева үшінші айналымға өтті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
31.05.2023 21:16
693
Әлемнің 58-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен бақ сынасты.
Бірінші партияда Юлия Путинцева 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде қытайлық спортшы есе қайырды - 6:4.
Үшінші, шешуші сетте Юлия бірден алға кетті - 2:0. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:2.
Юлия Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс немесе рейтингте 41-орындағы ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік байқасады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жыл сайын темекі эпидемиясынан 8 млн адам қайтыс болады