Робот жасаудан республикалық олимпиада (фото)
27-28 қыркүйек күндері Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде тұңғыш рет «Робот техникасы бойынша республикалық олимпиада» жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты – оқушылар арасында инженерлік-техникалық мамандыққа деген қызығушылықты арттыру, қолданбалы шығармашылықты дамыту және мектеп бағдарламасында робототехника пәнінің оқытылуын тереңдету. Сайыс Әлемдік робототехника олимпиадасы аясында өткізілді. Осы іс-шарада жеңіске жеткен оқушылар Сочи қаласында 21-23 қарашада WRO (World Robot Olympiad) өткізетін жарысқа жолдама алады.
Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі
«Қара жорға» билейтін робот
Олимпиадаға бүкіл Қазақстаннан 200-ге тарта оқушы қатысты. Бір шаршы метрге шаққанда ең көп робот келетін Қазақстандағы жалғыз жер.
«Mars One» жобасына арналған роботтардың кіші үлгісі. Өнертапқыш оқушылар Марсты игеруде Қазақстанның да қатысуын шындыққа айналдырғысы келеді.
Халықаралық ғарыш стансасына арналған гироскоп. Күн сәулесі әсерінен ғарыш нысандарының кеңістіктегі орнын тұрақтандырады.
Робот жасау тек оны жинаудан тұрмайды. Оқушылар сонымен қатар математика, физика, компьютер ғылымдарын да игеруі қажет. НЗМ оқушылары роботты әрекет жасауға бағдарламалауда.
Роботтың әрекеттерін логикалық дұрыс жасап шығару маңызды. Олай болмаған жағдайда робот жай ғана темір болып қала береді. Темірге «жан» беру бағдарламаға байланысты.
Роботты дайындағанда электроникасын дұрыстап ретке келтіру керек. Негізгі қаңқасы жинақталғаннан кейін сенсорлар мен басқа да құралдар қосылады.
Оқушылар қолдағы бар смартфондарды IP-камера немесе роботты басқаратын құралға айналдырып жатты
Көзге ойыншық болып көрінгенімен, роботтарды құрастыру және оларға бұйрықтарды дайындау біраз уақыт алады
Кедергілерді өздігінен өтетін Lego роботы
«Кегль» жарысына роботты дайындау сәті. Сайыстың мақсаты - аз уақыт ішінде ақ түсті нысандарды шеңберден шығарып тастау керек
Роботтың түрлері адам қиялымен ғана шектелген
Сатымен көтерілуге арналған робот. Құрылысы басқаларға қарағанда күрделірек келеді