Жаңалықтар

Робин Уильямстың өмірлік қағидалары

Менің жасым елуден асты, өзімді керемет сезінем. Отыз жасымдағы жаныма кір болып түскен қара дақтар кетті. Енді тамаша уақыттарды бастан өткерудемін.
13.08.2014 08:48 4366

2014 жылдың 11 тамызында дүниеде өткен әйгілі Голливуд актері Робин Уильямстың өмірлік қағидалары.

 Робин Уильямстың өмірлік қағидалары

Әрқайсымызда да аздап есалаңдық ұшқыны бар. Соны өшіріп алмау қажет.

Менің жасым елуден асты, өзімді керемет сезінем. Отыз жасымдағы жаныма кір болып түскен қара дақтар кетті. Енді тамаша уақыттарды бастан өткерудемін.

Комедия – бұрын болған трагедия

Мен Сан-Францискода тұрам. Бұл жерде өмір сүру – ядролық соғыс кезіндегі Швейцариядағыдай

Біздің президент ағылшын тілін онша білмейді ғой деймін. Ол: «Әлемді диктаторлардан азат етуіміз керек» дейді. Бірақ өзі де диктатор емес пе?

Сөзіме сеніңіздер, сатира тірі. Ол Ақ Үйде гүлденіп, көркейіп келеді.

Сұрықсыз адамдармен жұдырықтаспаңыз, олардың жоғалтар дәнеңесі жоқ.

Жуас адамдар жерге мұрагер атануы мүмкін,  бірақ Гарвардқа түсе алмайды.

Адамдар сізге не айтса да, құр сөздер әлемді өзгерте алмайтынын біліңіз.

Өз ұртың жержаңғақ майына толы бола тұрып, өзгелерді джихадқа шақыру қиындау іс.

Бірнеше жыл бұрын Иракта болдым. Жан-жағымдағылардың бәрі толықтай шлемде, арнайы киімдерде отырды. Тек азғантай құраммен отырған австралиялықтардан басқасы. Олардың жанармай танкесінде отырып, темекі шеккендерін байқағанымда, есімнен тана жаздадым. Олар болса: «Робин жалғастыра бер. Бұл жай су», деді.

Иракта жүргенімде қарулы адамдар жаныма жиі келіп: «Сізден қолтаңба алуға бола ма?» дейтін. Мен: «Әрине, бірақ алдымен қаруыңызды түсіріңіз» деймін.

Бірте-бірте Ауғанстан қауіпсіз бола бастады. Өйткені ол жерде апиын көкнәрлары қаулап өседі.

Кокаин – адамның шектен тыс ақша тауып жүргенін ескертуге арналған Жаратушының құралы. 

«Экологиялық таза өнім» деген жапсырмасы бар ақ нанды бірінші рет жегенімде, арзан жабындық материал күйсеп тұрғандай сезімде болдым.

Әке болғаннан бастап ішімдік ішуді қойдым, өйткені балаларымның әрбір сөзі мен қылығын назардан тыс қалдырғым келмеді. Ол мен үшін өте маңызды. Сіз де балалы болған кезде бір қызық күйде боласыз. Әрдайым сақадай сақ тұруға тырысасыз. Бұл тамаша ғой. Міне сондықтан да мен ішімдік атаулыны қойдым.

Орыстар Брук Шилдзды ерекше жақсы көретіні, оның қастарын Брежневтікіне ұқсататын болуы керек

Мен режиссер болғым келмейді. «Өлі ақындар қоғамы» фильмінің режиссері Питер Уир бірде керемет әзіл айтты. Ол: «Кино түсіре алатын адамдар бар және «Мен кино түсіре алам» деп айтатын адамдар бар. Көптеген актерлер жақсы кино түсіре алатын шығар, бірақ мен олардың қатарынан емеспін».

Ешқашан ешнәрседен қорықпаңыз. Ең құрығанда қорқыныш сіздің шабытыңызға айналуы керек.

Біздің ажал құшатынымздың өзінде бір мән бар.

Мен өлген кезде, менің қабірімнің үстінде би билесеңдер де, гүл отырғызсаңдар да бәрібір, тек менің көшірмемді жасаудың қажеті жоқ. Өйткені ол ешқашан да мендей бола алмайды.

Шынайылық – таңғаларлық қасиет!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға