Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
29.03.2025 16:36
447
Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 келі) еркін күрестен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен кездесті. Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта ирандық Джахангир Вализадеге 0:3 есебімен жол берді. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар тамаққа қанша ақша жұмсайды?
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды