Жаңалықтар

Рио Олимпиадасының басты фавориті — Зүлфия Чиншанло

Зүлфия Чиншанло
16.06.2016 08:58 3901

Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде әлемнің ең жас чемпионы атанған, үш дүркін әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиада чемпионы Зүлфия  Чиншанло, Рио- де –Жанейрода өтетін кезекті жазғы спорт додасында өз салмағында фаворит болып саналады.

Рио Олимпиадасының басты фавориті — Зүлфия Чиншанло 

Зүлфия 1993 жылы 25-шілдеде  Қазақстанда дүниеге келген. Ұлты — дүнген. Балалық шағында отбасымен Қытайға қоныс аударған. 2007 жылы 14 жасар Зүлфия отанына оралып, ауыр атлетикамен айналыса бастайды. Талантты спортшы бір жылдың ішінде ұлттық құрама тізіміне ілінді.

Рио Олимпиадасының басты фавориті — Зүлфия Чиншанло

Зүлфия 2014 жылы ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанып қана қоймай, рекорд жаңартқан болатын. Ол сайыстан кейін берген сұхбатында спортшы былай деген болатын:

Рио Олимпиадасының басты фавориті — Зүлфия Чиншанло

Зүлфия  Чиншанло, әлем және Олимпиада чемпионы:

— Азия ойындарының өткеніне әлі 40 күн болған жоқ. Шаршау байқалды, бірақ үзіліссіз 37 күн  бойы тек алтын аламын деген мақсатпен жаттықтым. Әлем рекордын жаңартуға да дайын болдым. Қарсыласым 135 килограмм көтерсе, мен 136 килограмға барар едім. Салмақ қудым. Бүгінгі салмағым 52 келі, 950 грамм шықты. Қиын болатынын білдім. Ли Жансуннан басым түсу үшін тек рекорд жаңарту керек. Соңғы салмақ өте ауыр тиді. Қуанышыма орай бағындырдым. Енді 2016 жылы Рио-де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында қоссайыс бойынша рекорд жаңартқым келеді. Сол кезде дегеніме жетемін!

Рио Олимпиадасының басты фавориті — Зүлфия Чиншанло

Зүлфияның осы уақытқа дейінгі барлық көрсеткіштерін таразыдан өткізе келе оның қарқынды даму үстінде жүргенін байқауға болады. Азия ойындарында күміс жүлде алған кезінде ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни "Алматыда Әлем чемпионы болады!" деп нық сеніммен ақтап алған болатын. Сол кезде бапкердің айтаны дәл келген болатын. Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына аз уақыт қалды. Үш дүркін Әлем чемпионы Зүлфияның да арманы екі дүркін Олимпиада чемпионы болу.

Айта кетейік, Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедованың жарыстардан шеттетілгені белгілі болған еді. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталған. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпиондарының қанынан допингтің табылуына қатысты пікір білдірді: 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі: 

— Бекітілген ережелерге сәйкес, Халықаралық олимпиада комитетінің шешіміне спортшылар ғана шағым айта алады. Қазіргі уақытта олар сараптамаларды мұқият зерттеп жатыр, біз өз тарапымыздан заң жүзінде, рухани тұрғыда спортшыларға көмек көрсетеміз. (...) Оларды қорғауға бағытталған барлық аспектілер есепке алынады. 


Алмас САУДАНБАЙ  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға