Рио Олимпиадасындағы ең әдемі формалар
Рио-2016Олимпиада ойындарына әр мемлекет тыңғылықты дайындалатыны белгілі. Физикалық дайындықпен қатар бұл жарыста әр мемлекеттің киген киімдері де сынға түседі. Сонымен биыл қай мемлекеттің киім үлгісі алғашқы орында?
1 – орын
Бірінші орынды мамандар Канада мемлекетіне беріпті. Олардың киім үлгісі басқаларға қарағанда заманауи әрі өте ыңғайлы деседі.
2 –орын
Екінші орында атақты боксшыларымен белгілі Куба елі орналасқан. Қызыл түсті костюммен қара түсті шолақ шалбар спортшылардың үстінде ерекше сәнді көрінеді.
3 – орын
Қола жүлдені Оңтүстік Корея спортшылары алды. Олар жартылай классикалық үлгіде және ерекше қалпақтарымен көзге түсті.
4 –орын
Төртінші орында британдықтар. Оларды Оңтүстік Корея мемлекетінің антонимі деуге болады. Дизайнерлер Бразилия астанасында күннің ыстық екенін ескеріп, киім үлгісін барынша қысқа әрі спорттық үлгіде тіккен.
5 – орын
Үздік бестікте атақты Швеция құрамасы орналасқан. Олардың киім үлгісін атақты H&M компаниясы арнайы тіккен. Мемлекеттің символы саналатын сары түсті негізге ала отырып жасалған бұл формаға ең заманауи маталарды қолданған.
Рустем ӘЛПИ
