Жаңалықтар

Ринат Зайытов: Жаңа заң қабылданса, тәуелсіз журналистерге қалай әсер етеді?

Ринат Зайытов: Жаңа заң қабылданса, тәуелсіз журналистерге қалай әсер етеді?
Фото: Видеодан кадр 19.06.2023 15:35 2709

Депутат Ринат Зайытов «Масс-медиа» заңы не үшін керек болып отырғанын айтып, министрлік өкіліне тәуелсіз журналистер туралы тікелей сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біз қазір журналистердің әлеуметтік және басқа да мәселесін айтып отырмыз. Журналистерді Үкіметке жығып беруге ме, әлде шынымен де журналистердің мәртебесін өсіруге қажет пе? Бірақ нақты жауап бере алмайтыныңызды білемін. Сондықтан сұрақты айналдырып қояйын. «Қасқырға «алтыннан қарғы бау тағып, гауһардан үйшік салып берсеңіз де оны бақытты ете алмайды». Оның өзіндік тағылығы, жыртқыштығы бар. Сол секілді қазір өз-өзін тәуелсіз журналиспін деп жариялаған және бір емес жүздеген мың аудиториясы барлар бар. Ал бұл заң осы бетте қабылданды делік. Сонда олардың жағдайы не болады? Жауып тастайсыздар ма, соттай ма әлде? Солардың ақпаратынан құлақ асып отырған миллиондаған адамды қайда жібереміз?, – деді депутат. 

Сондай-ақ, ол тәуелсіз журналист деген ұғымды басқаша қалыптастырудың мүмкіндігі қарастырыла ма деді. 

Барлық министрліктерге өтінішім бар. Филология факультетін жылына қаншама адам бітіреді. Неге сіздер бір маман алып қоймайсыздар? Заңның аудармасы мен презентацияларыңыз қатеге толып тұр. Осы естеріңізде болсыншы, – деді Ринат Зайытов. 

Бұл мәселеге қатысты ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов депутаттың суалына тәуелсіз журналист немесе мемлекеттік БАҚ журналисі деп бөлмейтінін айтты.

 Біз неге мемлекеттік арналарда істейтін журналистерді  кемсітуіміз керек. Журналистердің статусының бәрі біз үшін тең. Ал журналистердің құқығын қорғау бойынша жұмыс істейміз. Осы үшін уәкілетті орган болып отырмыз. Одан біз таймаймыз, – деді Қанат Ысқақов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға