Рим Папасы қазақстандықтар үшін дұға етуге шақырды
Рим Папасы Франциск 10 сәуірде өткен Ватикандағы жалпы аудиенцияда су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін дұғада екенін жеткізіп, өзгелерді де дұғада болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Vatican News хабарлағандай, Рим Папасы өз сөзінде елімізге 2022 жылдың қыркүйегінде келгенін айтып, сол кезде ол қазақстандықтарға рухани жақындықты сезінгенін алға тартты.
Баршаңызды осы табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін дұға етуге шақырамын, — деді Рим Папасы Франциск.
Бүгінде еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан секілді 9 өңірінде 29 жергілікті көлемдегі төтенше жағдай жарияланып, 90 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Сонымен қатар Ақтөбе, Орал, Қостанай, Арқалық, Көкшетау, Теміртау және Петропавл қалаларында төтенше режимі сақталған.