Жаңалықтар

Рим Папасы қайтыс болды

Рим Папасы қайтыс болды
Фото: Akorda.kz 21.04.2025 13:06 149

Папа Франциск 88 жасында бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ватиканға сілтеме жасай отырып Reuters жазды.

Қасиетті Тақтың басшысы болған Франциск католик шіркеуін ұзақ жылдар бойы басқарды. Қазіргі уақытта Ватикан ресми мәлімдеме дайындап жатыр.

Франциск Папа қызметіне 2013 жылы кіріскен. Ол тарихтағы Латын Америкасынан шыққан алғашқы Рим Папасы ретінде белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға