Риддерге жаңа әкім тағайындалды

Фото: ppp-vko.kz
Фото: ppp-vko.kz
04.08.2023 11:40
1293
Батырбаев Дәулет Бақытұлы Риддердің жаңа әкімі атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 1976 жылы туған (47 жаста). Екі жоғары білімі бар.
Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. Ұлан, Бесқарағай аудандарында әкім болды, кен өнеркәсібі кәсіпорындарында, мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі бар.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
FlyArystan әуежайда ақылы тіркелу қызметін тоқтатты
Келесі жаңалық
Ерке Есмаханның қызды болғаны рас па