Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысты
Бұл туралы ШҚО әкімі айтты
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz
24.01.2023 12:08
1186
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының иесі ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
- Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Аймақ басшысының айтуынша, бұл қаражат ЖЭО-ны күрделі жөндеуге жұмсалады.
Бөлісу:
