Жаңалықтар

Риддердегі ЖЭО жұмысы тағы да тоқтап қалды

Риддердегі ЖЭО жұмысы тағы да тоқтап қалды
Фото: ШҚО Баспасөз орталығы 03.10.2023 12:28 682

Риддер жылу электр орталығында 27 қыркүйекте іске қосылған №3 қазандық қайта тоқтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы қала әкімі Дәулет Батырбаев Instagram-дағы ресми парақшасында мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, жабдық қосымша сынақтан өткізу қажет. 2 қазан күні кешке 27 қыркүйек күні іске қосылған қалалық Жылу электр орталығының №3 қазандығы қайта тоқтатылды.

Ережеге сәйкес, күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдықтары 48 сағат ішінде жүктеме кезінде қабылдау-тапсыру сынақтарына жатады. Жабдықты кешенді сынау негізгі жабдықтың қалыпты жүктемесі және жылу электр станциясы үшін будың жобалық параметрлері (газ турбиналық қондырғылар үшін) бар негізгі отынмен 72 сағат ішінде қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуі жағдайында судың қысымы мен шығыны кезінде жүргізілді деп есептеледі, – деп түсіндірді Дәулет Батырбаев.

Әкім осы жағдайға байланысты авариялық жағдайларды алдын алу үшін қазандық агрегаты қосымша тексеруге тоқтатылатынын ескертті. Оның сөзінше, бұған екі күн уақыт кетуі мүмкін.

Бұл хабарландыруға қала тұрғындары наразылығын білдіріп жатыр. Олар әкімдік мұндай ескертпені қалалықтар әлеуметтік желіде наразылығын білдірмей тұрып, ыстық суды өшірмей тұрып айтуы керек еді деген пікірде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Batyrbaev Dáýlet Bahıtuly (@ridder.akim.official)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға