Жаңалықтар

Риддерде жаз бойы ыстық су болмайды

Риддерде жаз бойы ыстық су болмайды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 12.05.2024 16:48 361

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жаз бойы ыстық су болмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жылу желілерін ауыстыру және жылу электр орталығында ауқымды жөндеу жұмыстары басталған. Тиісінше 10 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында тұрғын үйлер мен мекемелерде ыстық су болмайды. 

Былтырғы жаз бен күзде ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қолға алынып, қиын жағдай тұрақтандырылған болатын. Осылайша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өтті. Биыл да жөндеу жұмыстары жалғасады. Былтыр жөндеумен қамтылмаған қазандық агрегаттарын, турбогенераторларды, қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр, — деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

 Ведомство жалпы ұзындығы 18,9 шақырым болатын жылу желілерінің 55 учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін, барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталатынын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға