Жаңалықтар

Риддерде екі жасар бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Риддерде екі жасар бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.05.2023 15:00 577

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында екі жасар бала үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қалалық ТЖБ мәліметінше, екі жасар бала бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Оқиға бала бірнеше минутқа ғана ересектердің қарауынсыз қалғанда орын алған.

Абырой болғанда, бүлдіршін аман қалған. Ата-анасы бірден жедел жәрдемге қоңырау шалды.

Бала түрлі дене жарақаттарымен Риддер қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауыр, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға