Жаңалықтар

Риддер жылу электр орталығындағы қазандықтар іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі риддерліктерге шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс айтты
Риддер жылу электр орталығындағы қазандықтар іске қосылды
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official 09.11.2022 10:47 1868

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында бірнеше қазандық іске қосылды, деп хабарлайды El.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі жедел штабты ШҚО әкімі Даниал Ахметов басқарып отыр.

Қазір жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық іске қосылды.

«Кеше түске қарай 3 қазандық іске қосылып, жүйеде температура 57 градусқа дейін көтерілді. Ал сағат 21.00-де жоғары қысымды қазандық жағылды. Ендігі міндет - №4 қазандықты жөндеу. Ол үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізудеміз», - дейді Даниал Ахметов.

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысының әкімі риддерліктерге шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, жылу электр орталығында «Казцинк» ЖШС, «Өскемен жылу желілері» АҚ, «Өскемен ЖЭО», «Казвзрывпром», ШҚ АЭК-ден шақырылған мамандар жұмыс істеп жатыр. Орталық аумағы бірнеше учаскеге бөлінген және олардың әрқайсысы белгілі бір кәсіпорынның жауапкершілігінде.

Осыған дейін Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз. 7 қарашада Энергетика министрлігі Риддер ЖЭО-дағы жағдай туралы мәлімдеме жасаған еді.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов апатқа станса қожайының өз міндетіне үстірт қарауы себеп екенін айтқан болатын. Ол Риддердегі мәселені екі күнде шешуге уәде берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға