Жаңалықтар

Риддер қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Риддер қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Фото: gov.kz 27.06.2024 22:26 323

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Риддер қаласының әкімі лауазымына Думан Рахметқалиев тағайындалды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов әріптестеріне жаңа қала әкімін таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

 Думан Рахметқалиев – Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Ахмирово ауылының тумасы. Ол Прага халықаралық университетінде «Экономика» мамандығын бітірген әрі Қазақстан-Америка еркін университетін»Құқық магистрі» біліктілігі бойынша тәмамдаған. Рахметқалиев еңбек жолын 2011 жылы Өскемен қаласының "Теплоэнергоснаб" ЖШС экономисті қызметінен бастады.

 Кейін Астана қаласы «Қазатомөнеркәсіп-Демеу»  ЖШС, ШҚО Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою отрядында жұмыс істеген. Сондай-ақ «Ертіс ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

 Ал 2020 жылдың сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасын басқарды.

2023 жылдың сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарды. Облыс басшылығы Думан Рахметқалиевке қаланы жылыту маусымына дайындауды, сондай-ақ Риддер қаласының инфрақұрылымын, әлеуметтік-экономикалық және туризм саласын дамытуды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға