Рианна екінші баласын дүниеге әкелді

Фото: instagram.com/badgalriri
Фото: instagram.com/badgalriri
11.08.2023 09:49
811
БАҚ өкілдері 35 жастағы америкалық әншінің екінші баласын дүниеге әкелгенін жазуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөздер Рианнаның қыз бала туғанын жазуда.
Рианна мен рэпер ASAP Rocky-ге жақын адамдарға сілтеме жасаған басылымдар жұлдызды жұптың отбасында қуанышты жағдай бірнеше күн бұрын болғанын айтады. Сәби анасына қатты ұқсайтыны да айтылуда.
Әзірге ата-ана бұл жаңалықты ресми түрде растаған жоқ. Дегенмен олар тұңғышы дүниеге келгенде ұлының атын да көпке дейін айтпай жүрді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада жас әйел балаларымен бірге терезеден секірмек болған
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды