Резидентурада оқуға берілетін грант саны 70% артты
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
28.08.2023 09:00
800
Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәләметінше, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:
Акушерлік және гинекология – 214
Анестезиология және реаниматология – 200
Неонатология – 119
Терапия – 115
Жалпы хирургия – 98
Неврология – 92
Психиатрия – 88
Оториноларингология – 83
Кардиология – 78
Офтальмология – 66
Жұқпалы аурулар – 63
Травматология-ортопедия – 62
Эндокринология – 55
Қалғандары – 1167
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Америкалық хоккейші Қазақстан құрамасында өнер көрсетуге дайын