Жаңалықтар

Ресторанда шыққан өрттен 22 адам ажал құшты

Ресторанда шыққан өрттен 22 адам ажал құшты
Фото: видеодан кадр 29.04.2025 16:02 191

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында орналасқан мейрамханада болған өрт салдарынан кемінде 22 адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай Ляоян қаласының Байта ауданындағы мейрамханалардың бірінде болған. Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталып жатыр, ал оқиға орнында құтқару және тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқиғаға байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин тиісті мемлекеттік органдарға зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, ол қауіпсіздік шараларын күшейтуді және осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдауды міндеттеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға