Республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалыстарға шектеу енгізілді

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдарының күштері мен құралдары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Ауа - райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет. Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.
Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін "Омбы-Майқапшағай" (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) және "Алматы-Өскемен" автожолдарында (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) қозғалыс шектелді.
Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді: 1. "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі аралығы; 2. "Омбы-Майқапшағай" тасжолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығы;
ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жетісу облысында "Үшарал-Достық" күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
