Жаңалықтар

Республикалық «Шаңырақ» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

Республикалық «Шаңырақ» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда
Фото: gov.kz 26.08.2024 21:15 346

Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасып жатқанын хабарлайды.

Байқау Қазақстандағы этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісім тақырыбындағы үздік әлеуметтік роликтерді анықтауға бағытталған.

Байқау 2024 жылдың наурыз айында басталды. Оған журналистер, бейнеоператорлар, студенттер, мобилографтар, блогерлер, сондай-ақ бейнеконтент жасауға құмар Қазақстан Республикасының барша азаматтары қатыса алады.

Қатысу шарттары:

- Байқауға телеарналарда, интернет-ресурстарында немесе әлеуметтік желілерде (Instagram, YouTube, TikTok, Facebook) үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан 1 қыркүйегіне дейін жарияланған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әлеуметтік бейнероликтер қабылданады;

- қатысушылар өтінімді түпнұсқада дискідегі (DVD, CD) материалдармен немесе флеш-тасығыштағы материалдармен қоса «Қоғамдық келісім» РММ-нің пошталық мекенжайына немесе толықтай электронды түрде (pdf форматындағы сканерленген өтініммен бірге) baspasoz@qkelisim.kz электрондық мекенжайына («Шаңырақ»конкурсына» белгісімен) 2024 жылғы 5 қазанға дейін жібере алады;

- әрбір қатысушы бір өтінім бере алады, бірақ бір өтінімге берілген материалдар санына шектеу қойылмайды;

- өтінімдерді қабылдау күні аяқталғаннан кейін ұсынылған немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

Байқауға келесі тақырыптағы бейнероликтер қабылданады:

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашу.
Этностар арасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту.
Этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияларды нығайту.
Этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған азаматтық қоғам өкілдерінің қызметін насихаттау.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық құндылықтарды дамыту.

«Шаңырақ» байқауын журналистердің, блогерлердің, сарапшылар мен жекелеген авторлардың келісім мен бірлікті нығайтуға, қазақ этножурналистикасын дамытуға қосқан үлесін бағалау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға