Республикалық маңызы бар барлық жол ашық - ҚазАвтоЖол

Күн райының жақсаруына байланысты 11 республикалық маңыздағы тасжол бөлігінде жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қостанай облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы арасы) және "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолы (Әулиекөл кенті-Октябрь кенті арасы) ашық.
СҚО-да "Екатеринбург-Алматы",
"Жезқазған-Петропавл",
"Көкшетау-Рузаевка",
"Қарасай батыр м.к кіреберіс жолы", «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы",
“Рощинское-Корнеевка-Волошинка", "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево", «Тимирязева-Сарыкөл-Қостанай өңірінің шекарасы» тасжолдары ашық.
Ақмола облысында
"Көкшетау-Рузаевка" тасжолы (Көкшетау қаласы- СҚО шекарасы арасы) ашық.
